Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және өзімнің атымнан «KADEX» Қару-жарақ және технологиялардың VI халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын қошеметтеуге рұқсат етіңіздер!
«KADEX» көрмесі өткізілген жылдардан бері қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.
Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудағы басымдылығы әрдайым алдыңғы қатарлы технологиялар мен шетел инвестицияларын тартуға беріледі. Бұл мақсатта елімізде барынша қолайлы жағдай жасалған және де аталған көрме әскери-техникалық ынтымақтастық, авиациялық-ғарыштық кешенін дамыту, киберқорғанысты қамтамасыз ету салаларындағы әріптестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік туғызады.
Алдағы іс-шара аясында конференция, дөңгелек үстел, стратегиялық сессиялар форматындағы кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жоспарланған.
Іс-шара қатысушылары мен қонақтарына жемісті еңбек пен биік белестерді алуына тілектеспін!